РУС ENG
4 ноября, 2026

Тұран ауданы: Тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру жолында

Шымкент қаласының Тұран ауданында 2024 жылы тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру және өмір сапасын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Төменде аудан аумағындағы негізгі бастамалар туралы мәлімет берілген.

Балалар және спорт алаңшаларын орнатуға келсек,  2024 жылы ауданда 40 жаңа алаңша орнату жоспарланған. Оның ішінде: 30 балалар ойын алаңшасы; 8 кешенді алаңша (балаларға арналған ойын және спорт элементтері бар); 2 спорт алаңшасы.

Қазіргі таңда екі нысанда жұмыстар жүргізіліп жатыр, 14 нысан пайдалануға берілді. Қалған 24 нысан бойынша мердігерлер анықталуда. Сондай-ақ, тозығы жеткен ашық спорт алаңшаларының жабындысын ауыстыру жұмыстары қолға алынып, қажетті мердігер мекемелерді анықтау процесі жүргізілуде.

2024 жылы Тұран ауданындағы қоқыс алаңшаларын жақсарту аясында: 54 қоқыс алаңшасы мен 260 қоқыс контейнері жаңартылатын болады. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін аудан аумағындағы барлық қоқыс контейнерлері толығымен жаңартылады. 3060 қоқыс жәшігі орнату жоспарланған, оның ішінде қазіргі таңда 2200 қоқыс жәшігі орнатылды. Бұл шаралар ауданның тазалығын қамтамасыз етуге және тұрғындардың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

2024 жылы аудан аумағындағы 60 аула аралығына 154 жаңа жарықшам орнату жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізілуде. Жаңа жарықшамдар тұрғындардың кешкі және түнгі уақытта қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз етеді.

Демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобалар:

  • Түркістан шағын ауданындағы Айқап көшесінде балалар ойын алаңшасы орнатылды.
  • Рысқұлбеков көшесінде тренажерлық алаңша ашылды.
  • Балаларды қорғау күніне орай Қажымұқан стансасынан Дендросаябаққа дейін 6 шақырымдық «Тұлпар» балалар темір жолының орнына жаңа веложол салынды. Сонымен қатар, тұрғындардың қолайлылығы үшін арнайы баспалдақ орнатылды.
  • Желтоқсан көшесінің бойында (Аэровокзал) және Мадлен мейрамханасы маңында (Шымкент қонақ үйінің аумағында) екі демалыс орны (аллея және сквер) жасақталып, тұрғындардың игілігіне берілді.

2024 жылы аудан аумағындағы тұрғын үйлерге қатысты да бірқатар жұмыстар атқарылуда: Екі көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бес көп қабатты үйдің жеделсатысы (лифт) толықтай ауыстырылады.

2024 жылы Шымкент қаласының Тұран ауданында көптеген инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар ауданның дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындардың жайлылығы мен өмір сапасын арттыруға бағытталған.