Еңбекші ауданы: Аулаларды абаттандыру, спорт алаңшалары және гүлзарлар орнату жұмыстары
Шымкент қаласының Тұран ауданы – халық саны 220,7 мың адамды құрайтын, 21 шағын ауданнан тұратын ірі өңір. Жалпы ауданы 36 300 гектарды қамтитын бұл аймақта 39 357 жеке үй, 544 көп қабатты үй және 597 көше бар.
Ауданда сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 95,5%-ға жетті. 2026 жылға қарай барлық тұрғындарды 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Табиғи газбен қамтамасыз ету 85,7%-ды, электр қуатымен қамтамасыз ету 95,2%-ды құрайды. Осы көрсеткіштерді сәйкесінше 2026 және 2025 жылдарға қарай 100%-ға жеткізу межеленген. Ал кәріз жүйесімен қамту деңгейі 57,1% болып, 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 60,2%-ға дейін арттыру көзделген.

2024 жылы Тұран ауданындағы 42 көшеге 34,8 шақырым жол төсеу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 40 көшеде асфальт төселіп, жалпы асфальттанған жолдардың үлесі 80,2%-дан 87,4%-ға дейін артты. Сонымен қатар, биыл 36 көшеге аяқжол салу бастамасы қолға алынған, олардың 23-і аяқталып, алты көшеде жұмыстар жалғасуда, ал қалған жеті көшеде жақында басталады.
Құрылысы аяқталған көшелердің тізімі:
- Шымған, Өркен, Байтулы Баба, Интернациональная, Тайманов, Еңбекші, Сымбатты, Үміт, Сарсенбаев, Бектаев, Тәжібай Ата, Мөнке Би, Жандосов, Татулық, Жаркент, Октябрьская, Қазығыұрт шағын ауданындағы атауы жоқ екі көше, Байқазы, Сәрсенбаев, Деркөл, Тәуелсіздік, Ащысай, Айшықты, Егізтөбе, Хайруллин, Чехов көшелері.
2024 жылы 21 шағын ауданның 165 шақырымын қамтитын 200 көшеге 3500 жарықтандыру бағанын орнату жоспарланған. Бүгінде 263 көшеге жарықтандыру орнатылып, оның ішінде 69 көшеге қосымша бағаналар қойылды. Қосымша 153 көше жарықтандыруға енгізілген тізімде.
Тұран ауданында жалпы 597 көшеде 697 шақырымға созылған жолдар бар. Олардың 153 көшесінде 114 шақырым ирригация жүйесі орнатылған. 2024 жылы 48 көшеге 19,2 шақырым жаңа ирригация жүйесін қосу жоспарланып, қазіргі уақытта 11 көшеде жұмыс жүргізілуде, ал жеті көшеде құрылыс аяқталған.
Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Тұран ауданының тұрғындарының өмір сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру бағытында көптеген мәселелер шешімін табуда.
